Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодардың үш балабақшасы күрделі жөндеуден өтуде

Павлодардың үш балабақшасы күрделі жөндеуден өтуде

Aug 21, 2023 | Жаңалықтар


Облыс орталығындағы мектепке дейінгі мекемелер алғаш рет кешенді жаңғырту жоспарына енгізілді. Көру қабілеті нашар балаларға арналған N5, N42, N82 балабақшалар ретке келтіріледі.

«Заманауи мектеп» жобасы жүзеге асқан соң, соның арқасында Павлодар облысындағы мектептер толықтай жөндеуден өткізіле бастады, балабақшаларды да сол қағида бойынша жаңғырту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында білім беру жүйесінің өкілдері айтты.

– Үш балабақшамызда маусым айынан бастап кешенді жұмыстар жүргізілуде және 6-7 айға есептелген, – дейді Павлодар қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Жанат Асайынова. – Осы жаңғырту аясында мердігерлер еден төсеу, ішкі әрлеу, кәріз және электрмен жабдықтау жүйесі мен оның маңайындағы аумақтарды жөндеумен айналысады. Бұл балабақшалардың балалары уақытша басқа мектепке дейінгі мекемелерге ауыстырылды.

Білім басқармасының хабарлауынша, жобалардың әрқайсысы жіті бақылауда. Бүгінгі таңда кез келген нысан бойынша жөндеу жұмыстарының кестесінен кешігулер жоқ.