Өткен жылы облыс бойынша тұрақты түрде алимент төлемей жүргендердің саны 482 болса, бүгінде бұл көрсеткіш 312-ні құрап отыр.
ӨКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында айтылғандай, Павлодар облысының жеке сот орындаушыларының жұмысында алимент өндіру бойынша 16 мыңнан астам материал бар. Оның 312-сі бойынша борышкерлер сот актісі талаптарын орындамай, алимент төлеуден жан-жақты жалтарып жүр.
– Төлемейтін азаматтардың алименттерді уақытылы төлеуі үшін олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу туралы шешім қабылданды, – дейді облыстық жеке сот орындаушылар палатасының басшысы Дәурен Исабеков. – Жыл басынан бері облыста 10 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, барлық проблемалық борышкерлерге қатысу туралы хабарламалар берілді. Осылайша 130-дан астам адам жұмысқа орналасты. Бұл жәрмеңкелерге ешқашан келмеген төлемақы төлемейтіндер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
«Әкімшілік кодекстің 669-бабы бойынша жаза айыппұл салу немесе 5 тәулікке дейін қамауға алуды қарастырады», – дейді Әділет департаменті басшысының орынбасары Айдын Сәменқұлов. – Ал, тәжірибе көрсеткендей, алимент бойынша борышкерлерге қатысты соттар қамауға алу түріндегі шара қолданады. Өкінішке орай, төлем жасамайтындардың кейбіреулеиі ақырында тиісті қорытынды жасамайды.
Әкімшілік жазаға тартылған алимент бойынша борышкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 2023 жылы жеке сот орындаушылары құқық қорғау органдарына бірден 103 тиісті ұсыныс енгізді, бұған дейін 18 адам бас бостандығын шектеу немесе түзеу жұмыстарына сотталған. Егер олар алимент төлеуден жалтарса, сот орындаушылары оларға тағайындалған жазаны нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы өтінішхат беруге құқылы.