Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 санат жоқ 9 Павлодар облысының өнеркәсіп кәсіпорындары атмосфераға шығарындылар көлемін азайтты

Павлодар облысының өнеркәсіп кәсіпорындары атмосфераға шығарындылар көлемін азайтты

Aug 2, 2023 | санат жоқ


Төмендеу шамамен 3 мың тоннаны құрады. Егер 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс бойынша нақты шығарындылардың көлемі 353,5 мың тоннаны құраса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 350,7 мың тоннадан аспай отыр.

ӨКҚ алаңында Павлодар облысындағы экологиялық жағдай туралы экология департаменті басшысының орынбасары Асхат Кукумбаев айтты. Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың жалпы шығарындысы үш қалада орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындардан түзілетінін атап өтті. Нақты шығарындылардың 44 пайызы Екібастұзда, 26 пайызы Ақсуда, 25 пайызы Павлодарда құрады. Ауылдық жерлер шығарындылардың шамамен 5% құрайды.

– 2023 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша қоршаған ортаға нақты шығарындылардың көлемі жылдық лимит 909,3 мың тонна болса, 350,65 мың тоннаны құрады, – деді спикер. – Бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2,85 мың тоннаға аз.

Белгілі болғандай, шығарындылардың азаюына Қазақстан электролиз зауыты, Ақсу ферроқорытпа зауыты, Павлодар мұнай-химия зауыты, «Қазақстан алюминийі» АҚ және «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС әсер еткен. Сонымен бірге, сарапшылар Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 мен Екібастұз ГРЭС-2 де газ шығарындыларының артқанын атап өтті.