
Өңірлік коммуникациялар қызметінде білім басқармасының өкілдерімен және сарапшылармен талқыланған тақырып бойынша бірнеше тезистер:
Павлодар облысында 7489 бала ерекше білімге мұқтаж, оның 1952-сі мүмкіндігі шектеулі
Аймақта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудың бірнеше тәсілдері қолданылады:
– арнайы мектептерде, мектеп-интернаттарда сөйлеу, есту, көру, интеллектісі бұзылған балаларды саралап оқыту
– жалпы балабақшалар мен мектептердегі арнайы топтардағы (сыныптардағы) балаларды кешенді оқыту
– сыныпта қарапайым балалармен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті оқыту
Павлодар облысында ерекше қажеттіліктері бар балалардың 64,4 пайызы қарапайым балабақшаларда, мектептерде және колледждерде тәрбиеленеді немесе оқиды
Арнайы білім берумен облыс бойынша ерекше қажеттіліктері бар 22,2% қамтылған
Павлодар облысының балабақшалары мен мектептерінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға түзетушілік қолдау көрсететін 339 арнайы педагог жұмыс істейді
2022 жылы 847 мұғалім инклюзивті білім беру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті
Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысы 40%-ға өседі










