Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 2026 жылы Павлодар облысының су айдындарына 460 мыңға жуық балық шабақтары жіберіледі

2026 жылы Павлодар облысының су айдындарына 460 мыңға жуық балық шабақтары жіберіледі

Sep 17, 2026 | Жаңалықтар


Өңір аумағында балықтандырудың негізгі кезеңі қыркүйек және қазан айларына жоспарланған.

Су айдындарын балықтандыру жұмыстары туралы @pavlodar.rsk алаңында Зайсан-Ертіс балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Жангелді Қарабаев айтып берді. Оның мәліметінше, биыл 12 субъект бекітілген су айдындарына 459 мыңнан астам сазан мен тұқы шабақтарын жіберуді жоспарлап отыр.

– Балықтандыру жұмыстарын жүргізудің негізгі кезеңі қыркүйек-қазан айларына келеді, бұл уақытта балық отырғызу материалын су айдындарына жіберу үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етіледі, – деді спикер. – Бүгінгі таңда бір пайдаланушы балықтандыру жұмыстарын жүргізіп үлгерді. Су айдынына 100 мың тұқы дернәсілі жіберілді.

Балықтандыру бойынша қосымша іс-шаралар мемлекеттік тапсырыс шеңберінде де жүргізіледі. Осы жылдың қыркүйек айының соңында Павлодар облысы шегіндегі Қ. Сәтбаев атындағы каналды балықтандыру көзделген. Кемінде 151 145 дана сазан мен тұқының биылғы шабақтары пайдаланылады. Балық отырғызу материалы Жамбыл облысынан жеткізіледі.

Жангелді Қарабаев атап өткендей, балықтандыруды жүргізу — балық ресурстарын сақтау мен қалпына келтірудің, түрлік құрамды қолдаудың және өңірдегі су айдындарының орнықты балық шаруашылығы базасын қалыптастырудың практикалық тетіктерінің бірі. Сондықтан бассейндік инспекция балық ресурстарын өсімін молайту бойынша белгіленген талаптардың сақталуын, соның ішінде балықтандыру жұмыстарын комиссиялық қабылдауды мұқият бақылайды.

Фото: ChatGPT