Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 2026 жылы Павлодар облысының энергетика және коммуналдық секторларында 20 жаңғырту жобасы жүзеге асырылады

2026 жылы Павлодар облысының энергетика және коммуналдық секторларында 20 жаңғырту жобасы жүзеге асырылады

Sep 23, 2026 | Жаңалықтар


Табиғи монополиялардың бес субъектісін жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары Ұлттық жоба аясында орындалуда.

Өңірде «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасының жүзеге асырылуы туралы табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Нұрлан Нұрмұратов айтып берді.

– 20 жобаның жалпы құны 17 миллиард теңгеден асады, – деді спикер @pavlodar.rsk алаңында. – Олар электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қамтиды. Бұл жобалардың негізгі міндеті — коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымды жаңарту, сондай-ақ Павлодар облысының тұрғындары мен кәсіпорындары үшін қызмет көрсету сенімділігін арттыру.

Электрмен жабдықтауға келсек, мұнда 9 жобаны «Павлодар электржелістік тарату компаниясы» АҚ жүзеге асыруда. Жылумен жабдықтау саласында 4 жоба «Павлодар жылу желілері» ЖШС-не, 4 жоба «Екібастұз жылу желілері» ЖШС-не, 2 жоба «Жылусервис-Ақсу» КМК-не тиесілі. Сумен жабдықтау және су бұру бағыты бойынша бір жобаны Екібастұздағы «Горводоканал» МКК іске асырып жатыр. Осы жобалар аясындағы шығындар монополист-кәсіпорындардың тарифтеріне еш әсер етпейді. Жалпы алғанда, Ұлттық жобаны жүзеге асыру 2029 жылға дейін қарастырылған.