Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Қазақстан бойынша ақбөкен популяциясын сақтау бойынша ауқымды науқан басталды

Қазақстан бойынша ақбөкен популяциясын сақтау бойынша ауқымды науқан басталды

Nov 26, 2024 | Жаңалықтар


1 желтоқсан мен 31 желтоқсан аралығында жабайы тұяқтыларды қорғау шаралары күшейтіледі.

Зерттеулер көрсеткендей, бес жыл ішінде Павлодар облысында ақбөкендердің саны бес есе өсіп, 20 мың дараға жеткен. Мамандар бұл оңды үрдісті соңғы жылдары атқарылған экологиялық шаралармен байланыстырады.

– Бұрынғыдай, бұл жолы да ақбөкендердің мекендейтін жерлерінде – Баянауыл және Май аудандарында, сондай-ақ Екібастұз және Ақсу қалаларында қауіпсіздік шаралары жүргізіледі, – деді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Төлепбаев. – Акция барысында полиция, «Охотзоопром» бірлестігінің қызметкерлері және біздің инспекцияның мамандары жұмылдырылады. Ақбөкендерді, олардың етін немесе дериваттарын заңсыз алу, сақтау, тасымалдау және жою үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.