Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Әкім Қадылжан Қайырбеков Май ауданының инфрақұрылымын дамыту жоспарларымен бөлісті

Әкім Қадылжан Қайырбеков Май ауданының инфрақұрылымын дамыту жоспарларымен бөлісті

Jan 15, 2025 | Жаңалықтар


Аудан басшысы 2025 жылы белгілі жөндеу жұмыстары жүргізілетін ауылдарды атады.

@pavlodar.rsk алаңында Май ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды. Алдағы жылы үш ауылда – Баскөл, Майтүбек және Қаратеректе мектептер күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, Баскөлде «Ауыл – Ел бесігі» аясында бірнеше жоба жүзеге асырылмақ.

– Ауылда мәдениет үйінің ғимараты жөнделіп, ішкі жолдар салынып, көше жарығы ауыстырылады, – дейді аудан басшысы Қадылжан Қайырбеков. – Ауыл тұрғындарының көптен бері көтеріп жүрген мәселелерін шешуге де болады. Бұл кірме жолдарды жөндеу.

Биыл Бозша, Жаңатлек, Ақсарай ауылдарының кіреберістері ретке келтірілмек. Облыстық бюджеттен берілетін бонустық трансферттер есебінен Жұмыскер кентінде 2025 жылы үш көшеге асфальт төсеу жоспарлануда. 

Сондай-ақ Май ауданына қарасты бес ауылға футбол алаңдарын орнатуды көздеп отыр. Облыстық бюджет есебінен аудандық аурухананың жылу жүйесін ауыстыруды жоспарлап отыр.