Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар полициясы жыл басынан бері есірткіге қатысты 144 құқық бұзушылықты анықтады

Павлодар полициясы жыл басынан бері есірткіге қатысты 144 құқық бұзушылықты анықтады

Aug 12, 2024 | Жаңалықтар


Соңғы жеті айда тәртіп сақшылары жедел мессенджер арқылы есірткі таратқан екі қылмыстық топты құрықтады.

Полиция департаментінің мәліметінше, есірткіге қатысты анықталған 144 құқық бұзушылықтың басым бөлігі есірткіні өткізу мақсатынсыз сақтау фактілері болып табылады – бұл ретте облыста есірткіні сатудың 51 фактісі тоқтатылды, төртеуі есірткіні сақтау аса ірі көлемде, ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекетін жолын кесудің екі фактісі, үгіт-насихат және заңсыз жарнама, есірткі контрабандасы, есірткі өсірудің бір фактісі.

– ⁠Заңсыз айналымнан 121 киеліден астам әртүрлі тыйым салынған заттардың түрлері тәркіленді, – деді @pavlodar.rsk-те өткен баспасөз мәслихатында Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы Тимур Қаржаубаев. – Бұл 102 келі марихуана, 9 келі гашиш және 10 келіге жуық синтетикалық есірткі. Синтетикалық текті психоактивті заттарды таратуға маманданған екі ұйымдасқан топтың қызметі жолын кесті.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары есірткінің жарнамасы мен насихатына қарсы тұруға мәжбүр. Біз волонтерлермен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, 75 заңсыз контентке қол жеткізуді шектедік. OLX платформасының басшылығына хабарласқаннан кейін тыйым салынған заттарды таратуға қатысты 100-ден астам жарнама жойылды.