Жыл басынан бері облыста өндірісте 40 жазатайым оқиға тіркеліп, 45 адам зардап шекті.
Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан 6 адам қайтыс болды. Бұл «Майкайнзолото» АҚ шахтасының маңында шұңқырға құлап кеткен төрт құтқарушы, «Богатырь Транс» ЖШС-де жұмыс істеп, биіктен құлаған электрик, сондай-ақ, «Екібастұз ГРЭС-1» мекемесінде жұмыскерді вагон басқан.
Жазатайым оқиғаларға әкеп соқтырған ең жиі орын алған бұзушылықтар жұмысты қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру, жәбірленушінің өрескел немқұрайлылығы және қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін бұзу болды», – деді @pavlodar.rsk алаңында өткен баспасөз мәслихатында Еңбек басқармасының басшысының м.а. Абылай Сабыров. – Егер зардап шеккен өнеркәсіптердің ең көп саны туралы айтатын болсақ, онда бұл тау-кен металлургия өнеркәсібі, энергетика және машина жасау саласы.
Павлодар облысында өндірістегі жазатайым оқиғалардың және жұмысшылар арасындағы кәсіптік аурулардың алдын алу үшін «Vision Zero» нөлдік жарақат тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Жоба қазірдің өзінде 31 кәсіпорында жүзеге асырылуда. 21 мекеме өндірістік жарақат алған мамандарға кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бақылауға мүмкіндік беретін «Халықтық бақылау» жобасын жүзеге асырды.