Региональная служба коммуникаций Павлодарской области
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Новости 9 Павлодар облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке сауда үстемесін асырып жіберу жағдайлары анықталды

Павлодар облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке сауда үстемесін асырып жіберу жағдайлары анықталды

Июн 26, 2025 | Новости


Мамандар картопқа сауда үстемесін арттырудың 22, күнбағыс майына – 14, қарақұмық жармасына – 13 фактісін тіркеген.

Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері барлығы 103 тексеріс жүргізді.

— Ең жоғары сауда үстемесі 350% болып, қырыққабатқа тіркелді – оны 100 теңгеден сатып алып, 450 теңгеден сатқан, — деп мәлімдеді @pavlodar.rsk алаңында департамент басшысының орынбасары Нұрсұлу Аубакирова. — Сондай-ақ, сәбізге 275%, картопқа 106%, пиязға 86%, қарақұмық жармасына 52,5% сауда үстемесі қойылған.

Жыл басынан бері ішкі саудамен айналысатын 64 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды.