Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту аясында 30 нысанның құрылысы аяқталуда

Павлодар облысында ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту аясында 30 нысанның құрылысы аяқталуда

Nov 25, 2025 | Жаңалықтар


Өңірдегі ұлттық жобаның іске асырылуы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері @pavlodar.rsk алаңында айтып берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған ұлттық жоба бірден үш негізгі міндетті шешуге бағытталған. Олар – ауылдық елді мекендерді алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету, ауыл тұрғындарына жедел жәрдемді уақтылы көрсету және ауылдық денсаулық сақтау нысандарының кадрлық әлеуетін нығайту.

Медициналық ұйымдарды стратегиялық дамыту және инновациялық технологиялар бөлімінің басшысы Арман Исақаевтың хабарлауынша, ұлттық жоба аясында Павлодар облысында 4,8 млрд теңгеге 30 медициналық нысан салу қарастырылған. Олардың ішінде екі дәрігерлік амбулатория, бес фельдшерлік-акушерлік пункт және 23 медициналық пункт бар. Тоғыз ғимарат ескіргендердің орнына салынған, ал 21 нысан бұрын медициналық ұйымдар жалдамалы үй-жайларда орналасқан елді мекендерде тұрғызылған.

Өткен жылы 24 нысан пайдалануға беріліп, олар медициналық қызметке лицензия алып, сәтті жұмыс істеп тұр. Құрылысы 2025 жылға ауыстырылған қалған алты нысанды 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Бұл – Тереңкөл ауданы Ивановка ауылындағы медпункт, Ертіс ауданы Ленино ауылындағы дәрігерлік амбулатория, Екібастұз ауылдық аймағының Байет ауылындағы медпункт, Ақсу ауылдық аймағының Үштерек ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункті мен Күркөл ауылындағы медпункт, сондай-ақ Железин ауданы Мыңкөл ауылындағы медпункт.