Региональная служба коммуникаций Павлодарской области
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Новости 9 Павлодар облысында 50 мыңнан астам тұрғын волонтерлік қызметке тартылған

Павлодар облысында 50 мыңнан астам тұрғын волонтерлік қызметке тартылған

Май 5, 2025 | Новости


Жергілікті волонтерлерге қандай қолдау көрсетілетіні туралы @pavlodar.rsk алаңында айтылды.

Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының өкілдері атап өткендей, бүгінде Павлодар облысында 28 волонтерлік ұйым мен 400-ден астам волонтерлік бастамашыл топ жұмыс істейді. Тек өткен жылы ғана аймақтағы волонтерлік қызметке 50 мыңнан астам тұрғын тартылған.

– Қазіргі таңда волонтерлік қозғалысты дамыту үш негізгі бағыт бойынша жүргізілуде: волонтерлікті институционалды қолдау, волонтерлікті ынталандыру шараларын дамыту және волонтерлерге арналған ірі диалогтық алаңдарды ұйымдастыру, – деді Жастар және отбасы бөлімінің басшысы Жаннұр Ахметжанова. – Мысалы, 240 волонтердің жеке дамуы үшін бірқатар тренингтер өткізілді. Сондай-ақ, Павлодар облысында үш күндік волонтерлер мектебі ұйымдастырылып, оған облыстың әртүрлі қалалары мен аудандарынан келген 15 жас қатысты.

Өткен жылы секілді, биыл да өңірде әлеуметтік-волонтерлік жобаларға арналған шағын гранттар байқауы өтеді. Байқауға қатысушылар алты негізгі бағыт бойынша 500 мың теңгеге дейінгі қаржылай қолдауға ие бола алады:
«Зооволонтерлік», «Әлеуметтік волонтерлік», «Білім беру саласындағы волонтерлік», «Этно-мәдени волонтерлік», «Медициналық және ТЖ кезіндегі волонтерлік», «Экологиялық волонтерлік».

Сонымен қатар, 2025 жылы Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандарында волонтерлік отрядтар құру жоспарланып отыр. Бұл топтарға міндетті түрде әдістемелік көмек көрсетіліп, тәжірибелі тренерлердің қатысуымен оқыту жұмыстары ұйымдастырылады.